378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим ресейлік жобада екінші орын алғанына ренжімейді

  • 223
  • UPD: 23:42, 29.04.2019
Ержан Максим ресейлік жобада екінші орын алғанына ренжімейді BNews.kz

Қайта осы жанжалдан кейін оқырмандары көбейіп, көпшілік қолдауына ие болғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас әнші елге оралысымен мәдениет және спорт министрімен кездесіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әншінің өнерін жоғары бағалап, оның еңбегі еліміз үшін үлкен жетістік екенін атап өтті. Ал Ержан Максим өз кезегінде өнер жолындағы ізденісін жалғастыратынын жеткізді. Әсіресе Димаш Құдайбергенов сияқты әлемдік деңгейдегі сахналарға шығып, елімнің атын танытсам деп армандайды.

Айта кетейік, Ержан Максим  өткен жылы Junior Eurovision-2018 балалар байқауының іріктеу кезеңінде де екінші орыннан көрінген болатын.

Ержан Максим, жас әнші:

- Менің жоспарым – әлемдік жұлдыз болу. Димаш ағаммен, өте атақты әншілермен ән айту. Дуэт айту.

Хабар 24 телеарнасы