379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтардың назарына музыка мен медицинаны тоғыстырған өнер маржаны ұсынылды

  • 164
  • UPD: 23:36, 29.04.2019
Елордалықтардың назарына музыка мен медицинаны тоғыстырған өнер маржаны ұсынылды

«Қоршаудағы виолончель: 75 жылдан кейінгі кездесу».

Бүгін Ұлттық кардиохирургиялық орталығында өткен шағын концерт Ленинградтың блокададан шығуына орайластырылған, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда ХХ ғасырдың басында жасалып, осы күнге дейін қаз-қалпында жеткен өнер қазыналары – рояль мен виолончель көпшілік назарына ұсынылды. Оның құндылығы ғасырлық тарихында емес, күні бүгінге дейін сазды әуенін сақтауында болып тұр.

Музыкалық аспаптың Еуропадан Қазақстанға жету тарихы да ерекше. Ленинград үшін шайқаста рояльдің сол кездегі иесі Вера Лазарева қиын-қыстау жылдары барлық заттары мен жиһазын өртегенімен, аспапқа тимеген. Қазақстанға оралып, рояльді шәкірттерінің біріне аманаттайды. Артынша шәкірті өзінің қызы – белгілі пианист Айгүл Қадыроваға мұра етіп қалдырған. Ізінше өнерге жақын отбасы аспапты орталыққа сыйға тартыпты. 40 жыл бойы кісі қолы тимеген құнды жәдігер реставрацияланып, бүгінде емделушілер үшін музыкалық терапия құралына айналған.

Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Елбасы кітапханасы мен Ұлттық кардиохирургиялық орталығы бірлесіп, Санкт-Петербург қаласынан қонақтарымызды қарсы алып жатырмыз. Біздің қонақтарымыз сондай тарихи маңызы бар жәдігерлерді әкеліп отыр. Өйткені 75 жыл бұрын Ленинград қаласы қоршаудан босатылып, әр елдің, әр халықтың есінде қалатын ерекше оқиға деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы