378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


200-ге жуық сырнайы бар солтүстікқазақстандық музыкант аспаптар мұражайын ашпақ

  • 82
  • UPD: 09:53, 30.04.2019

Солтүстік Қазақстан облысы Полтавка ауылындағы халық аспаптар балалар ансамблі «Үлгілі» деген атаққа ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнер ұжымының жетекшісі Юрий Бакай мектеп оқушыларын сырнай тартуға үйретіп, шағын ғана елді мекенде шығармашыл топ құрды. Қазір ол облысқа белгілі ансамбльге айналды. 

Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Құстар қайтып барады...» әні. Ескі болса да, есті өлең. Полтавка ауылының «Хуторок» балалар ансамблі сырнаймен қазақ халқының осындай әуендерін әсерлі орындайды.

Бұл ұжымға – 5 жыл. Юрий Бакай деген азамат мектеп оқушыларын мәдениет үйіне жинап, ауыл ансамблін құрды. Қазір олар сырнайдың құлағында ойнайды. Биыл өнерпаздар «Үлгілі» атағын да алды.

Дина Ғабдуллина, «Хуторок» халық аспаптар балалар ансамблінің мүшесі:

– Маған ұнайды. Бұл өте қызықты және керемет. Мен 4 жыл гармошкада ойнаймын.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Біз қызығы, кейбір аспаптар қолда бар заттардан жасалған. Мына бір жеңіл көліктің беріліс қорабы қазір жүргізушінің емес, музыканттың қолында. Енді ол барабанның таяғына айналды.

Юрий Бакай – сырнай десе, ішкен асын жерге қоятын шығармашыл адам. Оның үйі аспаптарға толып тұр. Бүгінгі таңда 170-тей сырнай, баян, аккардионы бар. Музыкант бұл махаббатын бір ауыз сөзбен түсіндірді.

Бүгінде балалар ансамблі мерекелік шаралардың гүліне айналды. Ал Юрий Бакай енді халық аспаптар мұражайын ашуды жоспарлап жүр.

Авторлары: Солтүстік Қазақстаннан Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы