378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 1500 биші бір мезетте өнер көрсетті

  • 250
  • UPD: 13:17, 30.04.2019
Оралда 1500 биші бір мезетте өнер көрсетті

Оралда Халықаралық би күніне орай «Биле JASTYQ» атты кең көлемді хореографиялық шара ұйымдастырылды.

Жаңа алаңға жиылған жұртшылық ұлттық саз әуеніне мың бұрала билеген 1500 бишінің өнеріне тәнті болды. Олардың қатарында «Назерке», «Ақжайық» және «Қызғалдақтар» секілді танымал ансамбльдер мен өнерге енді қадам басқан би ұжымдары бар. Бес минутқа созылған би мерекесіне өнерпаздар 5 күн бойы дайындалыпты.

Қарлығаш Қадырбекқызы, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының бас балетмейстері:

– Акцияға 4 жастан бастап 25 жасқа дейінгі бишілер қатысып жатыр. Мұндай акция біздің Орал қаласында бұрын болмаған.

Хабар 24 телеарнасы