378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі Өзбек драма театры еліміздің бірнеше қаласында өнер көрсетпек

  • 164
Шымкенттегі Өзбек драма театры еліміздің бірнеше қаласында өнер көрсетпек

15 жылдық тарихы бар Шымкенттегі Өзбек драма театры он алтыншы маусымға дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда театр ұжымы Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай гастрольдік сапармен шет мемлекеттің бірнеше қаласында болып, өз өнерлерін көрсетіп қайтқан болатын. «Мұндағы көрермендер өнерімізді жоғары бағалады. Өйткені біз сахналаған қойылым бүгінгі заманның шындығын ашып көрсететін шығарма болатын», – дейді театрдың қоюшы режиссері Жавлон Сайтов. Жас драма театрдың қоржынында қазірдің өзінде 80-нен астам спектакль мен түрлі қойылым бар. Өнер ордасы мамыр айынан бастап, еліміздің бірнеше қаласына барып, көрермендерімен қауышпақ. Сосын ұлттық театрлар арасында өтетін «Театр көктемі» фестивалінде бақ сынайды.

Жавлон Сайтов, қалалық өзбек драма театрының қоюшы режиссёрі:

– Мамыр айының 26 жұлдызынан 30-на дейін Қостанай қаласында Қазақстандағы ұлттық театрлар фестиваліне қатысамыз. «Қасқыр ұлыған түн» трагедиясымен. Одан кейін маусым айында Ресей Федерациясының Керч қаласында өтетін антик драматургия фестиваліне барамыз. «Босфор оты» деп аталады. Ол жаққа біз Софокольдің «Елиф патша» қойылымымен барамыз.

Хабар 24 телеарнасы