379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрия халқы қазақстандық театрдың өнерін жоғары бағалады

  • 192
Венгрия халқы қазақстандық театрдың өнерін жоғары бағалады

Мұхтар Әуэзов атындағы мемлекеттік театр Будапешттің ұлттық театр сахнасында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әртістеріміз мұнда Имре Мадача атындағы алтыншы халықаралық театр фестиваліне қатысу үшін келген. Беделді байқауға 12 елдің ұжымы қатысты. Арасында Германия, Франция, Португалия және Ресей бар. Қазақстандық театрдың келуін жергілікті көрермендер асыға күтіпті, тіпті бірнеше күнде билеттердің бәрі сатылып кеткен. Өнер ұжымы белгілі драматург Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклін сахналады.

Атилла Виднянский, Будапешт ұлттық театрының директоры:

– Бізге өз тамырларын, дәстүрін білетін театрлар қызық. Сол себептен қазақстандық ұжым көңілімізден шықты. Бір-бірімізді жақсы білмейміз, кездескенде ғана жылы сезім сезе бастаймыз. Ал мәдени мұраны терең зерттегенде, талай дүниеміз ортақ екенін байқаймыз.

Хабар 24 телеарнасы