389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Ұлттық мәдениет» фестивалі ұйымдастырылды

  • 455
  • UPD: 09:31, 02.05.2019
Петропавлда «Ұлттық мәдениет» фестивалі ұйымдастырылды

Ынтымақ пен ырыстың, достық пен татулықтың нышанына айналған Қазақстан халқы бірлігі күні Солтүстік Қазақстанда да кең көлемде тойланды.

Мерекеге орай Петропавлда «Ұлттық мәдениет» фестивалі ұйымдастырылды. Мұнымен қоса басты алаңға жиналғандарға қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мұнымен қоса биыл өңірде алғаш рет ұлттық спортқа аса мән берілді.  Яғни мерекені тамашалауға келгендер «Ботай» ойынынан сынға түсті. Бұл дода негізінен жылқының және ірі қараның сүйектерімен ойналады. Осылайша көп жылдар бойы ұмыт қалған ойын қайта жаңғырып, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Ерлік Мұхамеджанов, жарысты ұйымдастырушы:

- Өкінішке орай, бұл ұмытылған ойын. 2-3 адамның күшімен ғана мұны қатадан жандандырып, халыққа таныту ойымыз іске асырылып жатыр. Жергілікті билік өкілдері бізге көмек көрсетіп, осы істі жеделдетуге қол ұшын созса деген ниетіміз бар. Неге? Себебі бұл ойын біздің өңіріміздің брендтік ойынына айналуға толық мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы