378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қали Сәрсенбай алматылық жастармен кездесті

  • 113
  • UPD: 15:27, 04.05.2019

«Бұлақ көрсең, көзін аш».

Алматыда белгілі журналист, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбайдың жастармен кездесуі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Жасотандықтар ұйымдастырған жүздесуде «Тұлға» тақырыбы әңгіме өзегіне айналды. Көпті көрген журналист Қали Сәрсенбай Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың өнегелі өмірінен ұлағатты әңгімелер айтты. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауы да сөз болды. Қаламгер жастарға мемлекет тарихы үшін маңызды саяси оқиғаның мән-мағынасын түсіндіріп берді.

Қали Сәрсенбай, журналист, жазушы:

- Қазақта айтады ғой «бұлақ көрсең. көзің аш» деп. Кейбір бұлақтың көзі ашылады осындайда. Кейбір түсінбей жүрген  сұрақтарға жауаптар алынады. Бұл бір пікірлесу, сырласу деңгейіне жетсе, кештің берері көп болады. Білдіңіз бе. Сондықтан барлығы осындай кездесулерден басталады.

Хабар 24 телеарнасы