378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңіне 200 өнерпаз қатысты

  • 123
Талдықорғанда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңіне 200 өнерпаз қатысты

Талдықорғанда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кастингке қатысқан 200-ге жуық баланың арасынан бір ғана өнерпаз күзде өтетін байқау финалына жолдама алады. Сыннан сүрінбей өткен жас дарын Алматы қаласындағы «Жұлдызды үйде» тұрып, тәлімгерлерден сабақ алады. Жетісу өңірі – байқау ұйымдастырушылары ат басын тіреген он үшінші аймақ. Осы уақытқа дейін 8 бен 12 жас аралығындағы 5 мыңға жуық бала ән додасының іріктеу кезеңінде бағын сынады. Естеріңізге сала кетсек, «Бала дауысы» байқауы – Тұңғыш Президент - Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін сайыс. Байқау жеңімпазына еліміздің кез келген музыкалық оқу орнында білім алу гранты мен «Диснейлэндке» жолдама беріледі.

Марсель, қазылар алқасының мүшесі:

– Алматы облысының дарынды балаларын дайындауға келдім. Балаларға сәттілік тілеймін.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» байқауының менеджері:

– Байқау іріктеуінің ерекшелігі, бізде бұрын болмаған тыңдалымға балалармен бірге ата-аналар кіре алады. Бұл байқауымыздың ашық, әділ екенін көрсетеді. Әр бала өзге балаларды көріп, салыстырмалы түрде, яғни халықпен бірге таңдап, облыс намысын қорғайтын баланы Алматы облысы болып бірге таңдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы