384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеу жұртшылығы Құрманғазы атындағы оркестрдің өнеріне тәнті болды

  • 656
  • UPD: 08:57, 05.05.2019
Мәскеу жұртшылығы Құрманғазы атындағы оркестрдің өнеріне тәнті болды

Құрманғазы атындағы окрестрдің Мәскеудегі концері аншлагпен өтті. «Ұлы Дала әуендері» әлемге танымал ұжымның мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылып отыр.

Себебі биыл Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі 85 жылдығын атап өтіп жатыр.

Бұл Құрманғазы атындағы оркестрдің Мәскеудегі соңғы 17 жылдағы алғашқы концерті. «Ұлы дала әуендері» шаһардағы «Геликон-Опера» театрында өтті. Әлемге әйгілі ұжымның қойылымына билеттің бәрі сатылып, залда бірде-бір бос орын болған жоқ. Ал оркестр көрермендеріне қазақ, орыс және шетел композиторларының туындыларын паш етті. Олардың арасында Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен Джоаккино Россинидің увертюрасы, орыс халық әндері мен джаз шығармалары және қазақ ұлттық ән-күйлері бар.

Нұрғиса Дәуешов, құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрі директоры:

- Соңғы жылдары елімізде шыққан ана туындыларымызды репертуарымызға костык. Бастысы, еліміздің Құрманғазы бабамыздан басталатын күйлер елімізді, астанамызды  насихаттайтын әндерімізді, жалпы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарының жақсы туындыларын алып келіп отырмыз.

Оркестрдің шығармашылық ұжымы Ресейге толық құрамда келді. Бұл 60-тан астам ұлттық аспаптар музыкасының шебері. Олармен бірге танымал өнер қайтраткерлері де түрлі шығармаларды орындады.

Абылай Тілепберген, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрінің бас дирижері:

- Қазақтың ұлттық аспаптарымен мысалы, домбырамен, қылқобызбен не қобызбен бұл шығармаларды орындауда  озінің ұлттық нақыштық колорит ерекше шығады былайша айтканда байи түседі.  Сонда классикалык оркестрлерге карағанда бұл шыгармалар көрерменнің көзімен басқаша болып табылады.

Мәскеуліктер қазақтың қазіргі музыка мәдениетімен танысып, орыс халық әндерін оркестрге қосылып бірге шырқады. 

Ал қазақ шеберлерінің орындауындағы әлемдік классиктердің туындылары тыңдармандарды баурап алды. Домбыраның шексіз мүмкіндігіне сүйсінді.

БЛИЦ:

1. Мен білетін әуендерді окрестрдің ұлттық аспаптарда орндауы керемет болды. Өте қызықты. 

2. Қазақ ұлттық оркестрі өз өнерімен тағы бір рет таңқалдырып, рухани тұрғыдан байыта түсті. Рахмет.

Мәскеулік тұрғындардың алғысына бөленген оркестр енді гастролін Санкт-Петербургте жалғастырады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы