387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда Ерік Құрманғалиевті еске алады

  • 276
  • UPD: 13:45, 07.05.2019
Елорда Ерік Құрманғалиевті еске алады

Елордада аз ғұмырында әлемге аты мәшһүр болған ерекше дарын иесі Ерік Құрманғалиевтің құрметіне арналған концерт өтеді.

Көмейіне құмыр құс ұялаған әншіні ұлықтайтын шара биыл күзде ұйымдастырылмақ. Бұл туралы біздің арнаға берген сұхбатында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Батыржан Смақов айтты. Жас өнерпаз қазақтың мақтанышы болған тұлғаның ізін жалғау үшін өзі де табанды еңбек етіп жатыр. Шартарапты шарлап, өнерімен көптің көңілінен шыққан Батыржан – Қазақстандағы жалғыз контртенор опера әншісі. Музыка мамандарының айтуынша, мұндай дауыс әлемде өте сирек. Сондықтан жаһан жұртының қазақ баласына деген ілтипаты ерекше. Батыржан Смақов Италияда білім алған. Қазір елордада еңбек етеді.

Батыржан Смақов, опера әншісі, дирижер:

– Талантымен төрткүл дүниені таңғалдырған қазақтың дара әншісі Ерік Құрманғалиевтің құрметіне фестиваль өткізгім келеді. Концертті биыл күзде елордада ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ерік Құрманғалиев те контртенор болған. Өкініштісі, ол кісінің өнері Қазақстанда кеңінен насихаттала қойған жоқ. Сол олқылықтың орнын толтырғымыз келеді.    

Хабар 24 телеарнасы