378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қара майорға» арналған деректі фильм жарық көрді

  • 164
  • UPD: 14:03, 07.05.2019

Елордада Ауған соғысының ардагері, әйгілі «Қара майорға» арналған деректі фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген туынды Борис Керімбаевтың тағдыры туралы баяндайды. Фильмде «Қара майордың» Ауғанстанға 177-арнайы жасақты қалай бастап барғаны, Паншер шатқалын қалай алғаны көрініс тапқан. Бұдан бөлек картинада Ауғанстандағы күрделі саяси ахуал да суреттеледі. Отан қорғаушы күні қарсаңында Борис Керімбаевті еске алуға оның майдандас жолдастары арнайы келді.    

Хабар 24 телеарнасы