378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның «Номад» клубы Нью-Йорк университетінің арнайы жүлдесімен марапатталды

  • 217
  • UPD: 14:05, 07.05.2019

Шара барысында клубтың атқарған жұмысына жоғары баға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені жаңа мекеме университет ішінен қазақ тілін үйрететін сыныптар ашты. Дәріске осы елде білім алып немесе жұмыс бабымен жүрген қандастарымыз келеді. Олар үшін ұлттық би үйірмелері ашылып, концерттер ұйымдастырылады. Бұл жолы атақты музыкант, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Иван Гусев өнер көрсетті. Ол балаларды қазақ композиторларының шығармашылығымен таныстырды.

Иван Гусев, Нью-Йорктегі халықаралық байқаудың жеңімпазы:

- «Номад» клубында балаларға арналған концерт-дәріс өткіздім. Өзім Қарағандыда дүниеге келгенмін. Бұл мен үшін көңілімнен шыққан  маңызды шара болған, себебі кезінде ұзақ уақыт балаларға сабақ берумен айналыстым. Қазір көбінесе концерттер беріп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы