378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Әлия Молдағұлованың құрметіне арналған концерт өтті

  • 137
  • UPD: 22:12, 07.05.2019

Санкт-Петербордағы Мемлекеттік академиялық капеллада Әлия Молдағұлованың ескерткішінің ашылуына орай концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты кеште қазақтың батыр қызы туралы фильм көрсетіліп, капелла сахнасында әншілеріміз Роза Рымбаева мен Әлібек Дінішев майдан тақырыбындағы әндерді шырқады. Әрине 40 жылдан бері сахнадан түспеген «Әлия» әні бұл жолы да жұртшылықтың жүрегіне жетті. 

Әлібек Дінішев, Кеңес одағының халық әртісі:

– Бұл – айтулы оқиға. Жалпы маған мамыр айындағы мейрамдар ұнайды, бұл күндері үнемі концерт беруге тырысамын. Ата-бабаларымызға деген құрметімді осылайша көрсетіп жүрмін. Әкем соғысқа қатысып, Сталинградтан Берлинге дейін жеткен еді.

Валентин Ангелов, Болгария республикасының консулы:

– Ұлы қазақ жауынгері, Кеңес одағының батырын еске алып, құрмет білдіру – керемет дәстүр. Концерт тамаша өтті. Отанды сүюге арналған мұндай шара көңілге жылы сезім ұялатады.

Хабар 24 телеарнасы