378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

  • 92
  • UPD: 17:09, 12.05.2019
Өскеменде «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Өнер додасына талапқа сай 8-12 жас аралығындағы өрендер қатысты.

180 бала бақ сынаған іріктеу тартысты өтті. Қатысушылардың қай-қайсы болмасын топ жаруға талпынды. Өскемен бұл сайыс өткізіліп жатқан еліміздегі осымен 14-қала. Бала дауысы, өнер жолын таңдаған өрендер үшін үлкен мүмкіндік. Аталған конкурс өткізілгелі бері, 56  жаңа ән жазылып, мектептер мен балабақшаларға таратылған. Ал бүгінгідей Іріктеу барысында тек кішкентай қатысушыларға ғана емес, әділқазыларға жүктелген міндет те оңай болмай тұр.

Толғанай Хасен, байқау менеджері:

- Бүгін балалар бізді таң қалдырды, Өскемен шыны керек, өте талантты балаларға бай.Балалардың өнері мен ән айтуы, билеуі біздің әділ қазыларды таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы