378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тель-Авивте «Eurovision-2019» басталды

  • 323
  • UPD: 17:19, 13.05.2019
Тель-Авивте «Eurovision-2019» басталды inform.kz

Израильде «Eurovision-2019» байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне 41 делегация қатысты. Габим театры маңындағы алаңда биыл дәстүрлі қызыл емес, сарғылт түсті кілем жайылды. Ол халықаралық ән байқауын ұйымдастырған демеуші компанияның логотипіне орай төселген. Байқаудың бірінші жартылай финалы 14 мамырға, екіншісі 16 мамырға жоспарланған. Ақтық сайыс 18 мамыр күні көрме орталығында өтеді. Айта кетейік, бұл аймақтағы көңілге күдік тудыратын қауіпсіздік жағдайы мен пропалестиндік ұйымдардың аталған шараны өткізуге білдірген наразылықтарына қарамастан, бірде-бір делегация конкурсқа қатысудан бас тартқан жоқ. Байқау жанкүйерлері өткен аптадан бері Тель-Авивке ағылуда. Осыған байланысты қаладағы қауіпсіздік шаралары да күшейтілген.

Микки Розенфельд, Израиль полициясының баспасөз хатшысы:

– Израильдің ұлттық полициясы күзет жұмыстарын құрлықта да, теңізде де жүргізіп жатыр. Кез келген қақтығыстың алдын алуға әрі «Еуровидениеге» келген мыңдаған туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз жағалауларына біздің арнайы катерлер орналастырылған. 8000 офицер жағдайды жіті бақылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы