378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық әнші Францияны бағындырып жүр

  • 193
  • UPD: 15:27, 13.05.2019

Париждің камералық сахнасында жаңа жұлдыз пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазақстаннан шыққан лирикалық сопрано бүгінде музыканың майталман тыңдармандарын көрермен залдарына толтырып жүр. Анар Хасанованың отандастары әншінің алғашқы жетістіктері туралы енді ғана естіп жатқанда, әлемнің бірқатар музыка сыншылары оны операның болағашы деп санап, жергілікті газеттер ол туралы таңданысқа толы мақалалар жазып жатыр.

Киелі сахна сырты. Әнші Анар Хасенова әріптестерімен бірге орындайтын туындысын талқылап жатыр. Концертте Париж консерваториясы мен атақты Жарусски академиясы қызмет көрсетеді. Көкшетаулық әншімен алдағы екі жылға келісімшарт жасалған. «Бұл – талай жылдық еңбектің жемісі», – дейді әнші.

Бүгінгі концерт Франция астанасының орталығында өтеді. Еуропа классиктерінің шығармаларын түсіндіретін «Аве Мария» әнші репертуарында көп кездеседі.

Халық күміс көмей әншіні ерекше ықыласпен қабылдауда. Тіпті кеш соңында көрермендер Анарды сахнадан жібермей, тағы да ән салуын сұрап, оған қошемет көрсетіп жатты.

Анар Хасенова келер жылы композитор Шабиренің Жұлдыз операсындағы партияның бірін орындайды. Әнші Нұр-Сұлтан және Париж қалаларындағы басты опера алаңдарында ән шырқау үшін алған бетінен қайтпай білімін жетілдіріп келеді. Өйткені Бұл Анардың басты арманы.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы