378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Astana Piano Passion» V халықаралық байқауы басталды

  • 101
  • UPD: 12:31, 13.05.2019
Елордада «Astana Piano Passion» V халықаралық байқауы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы басталды.

«Astana Piano Passion» Халықаралық фетиваль-байқауы «Астана Опера» театрында 12-18 мамыр аралығында өтеді.

Онда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үш жас ерекшелігі бойынша сынға түседі: кіші топ (10 жасқа дейін), орта топ (11-14 жас аралығы) және үлкен топ (15-18 жас аралығы). Қатысушылар үш кезеңдік іріктеуден өтеді: алғашқы іріктеу (бейнежазба арқылы), жартылай финал (жеке бағдарламаны орындау) және финал (оркестрмен концерт орындау).

Биыл байқаудың ұйымдастыру комитеті әлемнің 20 елінен 114 өтінім қабылдады: Қазақстаннан - 20, Ресейден - 36, Қытайдан - 15, Аустралиядан - 5, Беларусьтан, Грузиядан, Монғолиядан және Оңтүстік Кореядан - 4 өтінімнен, Украина мен АҚШ-тан - 3, Әзербайжан, Болгария, Канада, Сербия, Жапониядан 2 өтінімнен, Израиль, Коста-Рики, Румыния, Польша, Тайваньнан 1 өтінімнен.

Төрелік әділ болуы үшін байқаудың барлық кезеңдері онлайн көрсетіледі және ол әлемнің барлық көрермендері үшін қолжетімді болады. Заманауи технологияның арқасында, алдыңғы жылдардағы байқау бағдарламасын 700 мыңнан аса көрермендер тамашалады. Биыл көрермендер дода барысын онлайн режімінде байқаудың www.astana-app.com сайтында және Ресей Федерациясының мәдениет министрлігінің  culture.ru. сайтында көре алады. Қазылар алқасының құрамына жеті елден әлемге танымал музыканттар енді, олар: Орталық музыкалық мектептің директоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Пясецкий, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және Қырғыз Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры - Әмір Тебенихин (Қазақстан-Германия),  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Лист атындағы Америкалық ұйымның мүшесі және Лондондағы Тринити музыка колледжінің құрметті мүшесі Ли Минцян (Қытай), Максим Могилевский (АҚШ), Имола қаласындағы «Встречи с Маэстро» халықаралық академияның профессоры, Флоренция музыка академиясының академигі Борис Петрушанский (Италия), және Халықаралық фестиваль мен Вербьедегі Академияның негізін салушы және жетекшісі Мартин Энгстрем (Швеция).

«Astana Piano Passion» Халықаралық байқауының сыйлық қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды. Сыйлықтарды лауреат атанған шәкірттердің ұстаздары да алатын болады. Бұдан бөлек көптеген қосымша сыйлықтар қарастырылған.

«Қазақстанның астанасында бесінші рет фестиваль-байқау өтпекші. Осынша уақыт өткеніне сене алмаймын. Біз, Иманғали Тасмағамбетовпен осы жобаны ойластырған кезде, осындай нәтиже болатынын білген жоқпыз. Әлемнің үздік пианистері Нұр-Сұлтан қаласына жиналып, өнерлерін  халыққа паш етіп жатыр. Осы керемет байқауды ұйымдастырып жатқан, байқаудың өтуіне өз үлесін қосып жатқан жандарға алғыс айтамын. Керемет қатысушыларды қарсы алып жатқан Қазақстанның қонақжайлылығы оны бүкіл әлемге танымал етті!», - деді «Astana Piano Passion» байқауының қазылар алқасының төрағасы Денис Мацуев.

Іріктеу кезеңінің нәтижесінде келесі жартылай финалистер тізімі белгілі болды:

Кіші топ:

  1. Ляман Сеидова/Laman Seyidova Әзербайжан, Баку/
  2. Ли Цихань/Li Zihan Қытай, Цзинань/
  3. Shang-en pai Taiwan, Taipei
  4. Абдугулов Расул/Abdugulov Rasul Қазақстан, Алматы/
  5. Бирюков Николай/Birjukov Nicolaj Ресей, Троицк
  6. Внутских Захар/Vnutskih Zahar Ресей, Мәскеу
  7. Kunho Jang Seoul, Korea
  8. Толстова Софья /Tolstova Sofiya Ресей, Мәскеу
  9. Цыганков Константин/Cygankov Konstantin Ресей, Краснодар
  10. Чудинова Полина\Chudinova Polina Ресей, Белореченск
  11. Корзун Агафья\Korzun Agafya Ресей, Мәскеу

Орта топ:

1.Eunseo Yoo Seoul, South Korea

2.Kevin Chen Canada, Calgary

3.Xingyu Zhou Philadelphia, United States

4.Кеппель Генри Алан\Keppel Genry Allan Қазақстан, Алматы

5.Довгань Анастасия \Dovgan Anastasiya Ресей, Мәскеу

6.Небаба Анна\Nebaba Anna Украина, Киев\

7.Акулов Пётр\Akulov Pyotr Ресей, Мәскеу

8.Adrian Romoff Boca Raton, Fl, USA

9.Усков Андрей\Uskov Andrey Ресей, Пенза

10. Орлов Федор\Orlov Fedor Ресей, Мәскеу

Үлкен топ:

  1. Janghyeon Yoon Seoul, Republic of Korea
  2. Рақымов Бекзат - Қазақстан, Алматы
  3. Pan Wenyuan China, Beijing
  4. Xinchen Wang Shanghai, China
  5. Асанова Әлия/Assanova Aliya Қазақстан, Астана
  6. Ланин Арсений/Lanin Arseni Ресей, Мәскеу
  7. Немов Даниил/Nemov Daniil Ресей, Мәскеу
  8. Осминкина Алёна/Osminkina Alena Ресей, Мәскеу
  9. Подорожнова Дарья/Podorojnova Daria Ресей, Ростов-на-Дону

 

Хабар 24 телеарнасы