389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты әнші Андреа Бочелли Димашқа батасын берді

  • 417
  • UPD: 22:46, 15.05.2019
Атақты әнші Андреа Бочелли Димашқа батасын берді

Димаш Құдайберген танымал итальян әншісі, классикалық және кеңінен таралған музыканың орындаушысы Андреа Бочеллимен Бейжіңде кездесті.

«Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып, батасын берді. Көргеніме қуаныштымын аңыз тұлға!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Бейжіңде Азия мәдениетінің карнавалы өтіп жатыр. Бұл шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер қатысуда. Азия мәдениеті карнавалының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген бірнеше әншімен бірге ән шырқайды.

Хабар 24 телеарнасы