384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

  • 588
  • UPD: 15:27, 16.05.2019
Ертіс өңірінде «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

Жобаға 8-12 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ата-аналары мен ұстаздарының алдында өнер көрсетті. Бұл байқаудың ашық әрі жариялы түрде өткізілуіне мүмкіндік берді. Естай мен Майраның әні қалған Ертіс-Баян өңірі әншілерден кенде емес. «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының бас жүлдесі қатарынан үш жыл осы өңірдің өнерпаздарына бұйырды. 2016 жылы  – Мерхат Жылқыбаев, 2017 жылы – Анастасия Михайлюк, 2018 жылы Гауһар Мұзафар ұлттық ән байқауының жеңімпазы атанған. Биыл да жүзден жүйрік шыққандарды ерекше сыйлықтар күтіп тұр.

Арман Қоңыр, қазылар алқасының мүшесі:

- Ең басты сыйлық – музыкалық университетте гранттық оқу. Содан кейін «Диснейленд». Ол енді әр кішкентай баланың арманы ғой. Одан қалды сахнада танымал әртістермен бір сахнада ән айтуға мүмкіндік.

Толғанай Хасен, байқаудың менеджері:

- Байқаудың финалында ерекшелік бар. Бұрын-соңды елімізде болмаған жұлдыздардың және біздің финалистеріміздің қатысуымен музыкалық спектакль өтеді. Мұның барлығы Алматы қаласында Республика сарайында тікелей эфирде өтеді, яғни балаларымыз алдында тұрған үлкен ұлкен жұмыстарға дайын болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы