379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Үкімет басшысымен кездесті

  • 106
  • UPD: 11:38, 21.05.2019
Ержан Максим Үкімет басшысымен кездесті

Астана экономикалық форумынан тыс Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандық дарынды әнші Ержан Максиммен кездесті.

Үкімет басшысымен кездесуден кейін жас әнші Мәскеуге ұшады. Онда «Голос.Дети» байқауының нәтижесі қайта қаралады. Бұл туралы Талғат Қалиев өзінің телеграм каналында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бірінші арна» «Голос. Дети» байқауының ақтық финал қорытындысын жойды.

Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталды.

Айта кетейік, өткен айда Ресейдің бірінші арнасындағы «Голос. Дети» конкурсында бірінші орынды Микелла Абрамова, ал қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы