378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Евгений Онегин» операсы сахналанды

  • 182
  • UPD: 23:29, 18.05.2019
Қарағандыда «Евгений Онегин» операсы сахналанды

Қарағандының өнерсүйер қауымы Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсын тамашалады.

Классикалық туындыны Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры сахнасында «Астана Опера» театрының труппасы қойды. Операда композитор көрерменге Пушкин жырлаған Татьяна сезімінің асқақтығы мен жан сұлулығын ұсынды. Музыкада лирикалық қаһармандардың ішкі күйініші көрініс татпы. Бұл театрдың Қарағандыдағы үшінші гастрольдік сапары, концертті тамашалауға келушілердің қарасы көп.

Жан Тапин, Астана Опера театрының жетекші әншісі:

- Өте сондай лирикалық жағынан, поэтикалық және музыкалық жағынан сондай нәзік, сондай әдемі партия деп ойлаймын. Мен өзім Қарағанды облысының тумасымен. Өзімді бақытты сезініп отырмын. Осы аймақтың өнер сүйер қауым алдында менің осында мұғалімдерім келеді, туыстарым келеді, сондықтан әрине биік деңгейде орындауға тырысамын. Өйткені бұл классикалық ешқашан ұмытылмайтын өнер.

Хабар 24 телеарнасы