384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жүз жылдық жылнама» көрмесі ашылды

  • 626
  • UPD: 07:41, 19.05.2019

Елордада Ұлттық музейдің 5 жылдығына арналған «Музей түні» өтті.

Мұражайға келушілер ежелгі және ортағасырлар тарихы залындағы базардағы көріністі, қолөнер жұмыстары бойынша шеберлік сағаттарын тамашалап, тоғызқұмалақ, дойбы секілді ойындар мен квест-сабақтарына қатысу мүмкіндігін алды. Сонымен бірге өнер ордасында «Егемен Қазақстан» газетінің бір ғасырлық мерейтойына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесі ашылды. Онда басылымда қызмет жасаған азаматтардың жеке заттары, журналистердің түрлі құралдары, газеттің тігінділері және редакция әзірлеген кітаптар көрсетілген. 1919 жылдың 17 желтоқсанында Орынбор қаласында «Ұшқын» деген атпен алғаш рет жарық көрген басылым 100 жылдың ішінде бірнеше мәрте атын өзгерткен. Республикалық газет әр жылдары «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Еңбекшіл қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», «Егеменді Қазақстан» болып аталды. Ақпарат құралын Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев және тағы да басқа ұлт қайраткерлері басшылық қызмет атқарды.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі көрмеде осы «Егеменнің» 60-70-жылдардағы нұсқалары қойылып отыр. Басылымда басшылық жасаған Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды Алаш арыстарымен қатар 90-жылдары «Егеменнің» тізгінін ұстаған ел ағалары Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ағаларымыздың да құнды дүниелерін осында келгендер көре алады.

Хабар 24 телеарнасы