383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француз инженері Жак Ортенің Қазақстан туралы кітабы таныстырылды

  • 167
  • UPD: 12:03, 19.05.2019

Брюссельде француз инженері Жак Ортэнің «Жак пен Биллдің Қазақстанда басынан кешкен оқиғалары. Шыңғысхан қазынасы» атты кітабының тұсаукесері болды.

Ортенің қызықты туындысы біздің елдің тарихы, мәдениеті және әсем табиғатына арналған. Суреттермен безендірілген қызықты кітапта фотограф Жак пен оның Билл есімді құсының Қазақстандағы басынан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Олар Динара есімді гидпен ХІІІ ғасырдағы құпия қолжазбаны тауып, Шыңғысханның қазынасын іздеуге кіріседі. Кітап өткен жылы Бельгия, Франция, Швейцария және Канадада шығарылған. Қазақстанда әзірге орысша және француз тілдеріндегі нұсқалары жарық көрді. Автор енді туындысын қазақ және ағылшын тілдеріне аударуды көздеп отыр.

Жак Орте, кітап авторы:

- Менің бұл кітапты жазуыма қызықты хикаяларға деген құштарлығым әсер етті. 4 жыл Қазақстанда өмір сүріп, бұл елді жаным сүйіп қалды. Сіздердің көшпенді өмірлеріңізде ертегілік бар. Әрине, қазақ елінің қонақжайлығы туралы айтпай кету мүмкін емес. Жалпы, кітаптағы кейіпкердің бәрі ойдан құрастырылған. Ондағы әйел кейіпкердің барлық қазақ келіншектері секілді сүйкімді әрі ақылды болуын қаладым. Таныстарым кітапты оқып Қазақстанға барғысы келетін шығар. Себебі бұл нағыз саяхаттап баратын тамаша ел дер едім.

Хабар 24 телеарнасы