378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Ғарифолла Құрманғалиевтің құрметіне концерт өтеді

  • 190
  • UPD: 16:36, 19.05.2019
Алматыда Ғарифолла Құрманғалиевтің құрметіне концерт өтеді

Қазақ мәдениетіне, әсіресе операсына өлшеусіз үлес қосқан Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына биыл 110 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы дала әншісі деген атаққа ие болған тұлға өнер жолын ұлттық музыкадан бастады. Оның өзгеше дауысы мен ырғағы бүгінгі операның ажырамас бір бөлшегіне айналған. Ғарифолла Құрманғалиев көзі тірісінде Ер –Тарғын, Айман-Шолпан, Қыз-Жібек және Мұқан Төлебаевтың Біржан-Сара операларындағы күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Өнер иесінің арқасында қазақтың төл туындылары Еуропа сахналарында орындалды.

Мүсілім Әмзе, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері:

– Шегенің ариясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов орындап береді. Негізі концерт басынан соңына дейін түрлі ол кісінің өміріндегі елеулі оқиғалармен сирек кездесетін фото, аудио, видео материалдармен қабат өріліп отырады.

Хабар 24 телеарнасы