382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғ.Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті Брюссельде өнер көрсетті

  • 176
  • UPD: 07:42, 20.05.2019
Ғ.Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті Брюссельде өнер көрсетті

Брюссельдегі BOZAR өнер орталығына жиналған көрермендер Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің өнеріне зор қошемет білдірді.

Концерт Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жанындағы «Spring Youth» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өтті. Бельгия жұртшылығы скрипканың сызылтқан нәзік үні мен виолончельдің адам жанын елітер аккордтарына құлақ құрышын қандырды. Қазақстандық музыканттар Гайдн, Мендельсон, қазақтың атақты композиторы Ғазиза Жұбанованың шығармаларын орындады. Ұлы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні мен Құрманғазының «Адай» күйі де шырқалды. Концертте жиналған қаражат Қазақстандағы классикалық музыканы орындаушы жас талант иелерін қолдауға бағытталады. Бірнеше күннен кейін ұжым Гаагада өнер көрсетсе қазан айында Венаға гастрольдік сапарға аттанады.

Ернар Мыңтаев, квартеттің көркемдік жетекшісі, ҚР қоғам қайраткері:

- Мұнда келген мақсатымыз - біздің қазақ  композиторлардың музыкасың таныту, қазақ музыкасың  таныту, мен ойлаймың ол біздің бірінші парызымыз.

Жоламан Тұрсынбаев, композитор, ҚР қоғам қайраткері:

- Бұл квартеттік шекті аспаптар музыка деген  музыканың ішінде ен иірімдері көп, ен интеллектуалды  музыка. Сондықтан мен қуанам осындай жас жігіттер  қазақ музыкасың қай елде болмасын, өркениетті, дамыған елде болмасын, соны өзі сондай көрсете алатын кәсібилігі  өте биік!

Хабар 24 телеарнасы