383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда ұлттық өнер ұлықталды

  • 140
  • UPD: 08:02, 22.05.2019
Петропавлда ұлттық өнер ұлықталды

Петропавлда ұлттық өнер ұлықталған кеш өтті.

«Сегіз сері» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі теріскейдің аспанында жауһар әнді әуелетіп, күмбірлеген күйлерін шарықтатты. Биыл бұл оркестрдің құрылғанына 18 жыл. Төл өнерімізді дәріптеп, республикалық байқауларда топ жарып жүрген өнер ұжымы шығармашылық кешке ерекше әзірленген. Репертуарларын кеңейтіп, жаңа әндер мен күйлер қосқан. Концертте ақын әрі композитор Дәстен Баймұқановтың «Дәуір» атты күйінің тұсауы кесілді.

Дәстен Баймұқанов, ақын, композитор:

- Күй өнері деген бұл басқа деңгей, басқа көзқарас, әнге, музыкаға деген көзқарас. Заманға деген көзқарасым, 50 жылда заманның қалай өзгергенін осы күй арқылы беруге тырыстым. Бұл күй бір күнде туған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы