389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы»: астанадағы байқауға 300-ден астам жеткіншек қатысты

  • 239
«Бала дауысы»: астанадағы байқауға 300-ден астам жеткіншек қатысты

Астанада 8-12 жас аралығындағы 300-ден астам жеткіншек ән салудан шеберлігін байқатты.

Бүгін мұнда «Бала дауысы» ұлттық байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Іріктеуден сүрінбеген бір бала екі аптаға Алматыға барып, шеберлігін шыңдайды. Вокал, би және актерлік шеберлік курсына қатысып, авторлық жаңа әндер жаздырады. Онда әр өңірден жиылған 17 финалисті танымал өнер жұлдыздары өз қамқорлығына алып, арнайы дайындайтын болады.

Айта кетейік, сайыс жеңімпазына еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға грантпен қатар ертегі әлемі саналатын «Диснейлендке» жолдама беріледі.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» байқауының менеджері:

- Бүгін балаларымыз таланттарымен таң қалдырады деген ойдамын. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласында таланттылар көп. Байқауымыздың ақтық мәресі Алматы қаласында 25-27 қазанда өтетін болады. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған музыкалық спектакль өтеді.

Айым Жасұланқызы, іріктеу турына қатысушы:

- Мен «Бала дауысында» бірінші домбырамен «Көзімнің қарасын» айтамын. Кейін ағылшынша ән айтамын. «Бала бауысында» жеңіп, Алматыға барғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы