383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мәдениет саласының майталмандары марапатталды

  • 303
  • UPD: 18:56, 22.05.2019
Елордада мәдениет саласының майталмандары марапатталды

Елордада «Рухани қазына-2019» өнер ұйымдары қызметкерлерінің фестивалі қортындыланып, 18 номинация бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара осымен екінші рет ұйымдастырылды. Ел өңірлерінен 300-ден астам қатысушы келіп, бағын сынаған. Биылғы фестивалдің бір ерекшелігі, оған зағип жандарға арналған кітапханалардың қызметкерлері де қатысты. Көңіл қуантарлығы, ауылдардағы кітапхана мен музейлердің жұмысын жандандырып, ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Үздіктері 1 млн теңгеге дейін жүлде алды. Айта кетейік, фестиваль Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Шынар Ермағанбетова, «Үздік аудандық музей» номинациясы бойынша 1-орын иегері:

– Біз бұл марапатқа лайықпыз деп ойлаймын. Себебі көп жұмыс істеліп жатыр. Біздің шағын музейге жыл сайын мыңдаған адам келеді. 18 мың жәдігер сақтаулы тұр. Өз ісіне адал 16 қызметкер жұмыс істейді. Музейдің қорын толтыру, жаңғырту бойынша жоспарларымыз көп.

Хабар 24 телеарнасы