388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титр қателіктері туралы өз пікірін білдірді

  • 616
  • UPD: 11:57, 24.05.2019
А.Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титр қателіктері туралы өз пікірін білдірді Atameken Business Channel

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедұлы Facebook парақшасында «Отель Мумбаи» фильмінің мемлекеттік тілдегі титрларына байланысты өз пікірін жазды.

«Достарым, кино көрсетушілер фильмдердің қазақ тіліне аударуылын қамтамасыз ету барысында туындаған мәселемен бөліскім келіп отыр.

Биыл қабылданған «Кинематография туралы» Заңға сәйкес прокаттағы фильмдерді титр беру немесе дубляж арқылы мемлекеттік тілге аударуды кинопрокат құқығын иеленуші дистрибьютор қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік тілге кәсіби дубляж жасалған фильмдердің сирек кездесуінің себебін түсіндіруде дистрибьюторлар оның қымбатшылығына сілтейді: дубляжға жұмсалған қаржы фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінен түскен пайдадан асып түсуі мүмкін, сондықтан көбінесе титр арқылы аудармаға жүгінеді.

Өкінішке қарай, фильмдерді қазақ тіліне аударғанда кейбір кино көрсетушілер тарапынан қателерге жол беріледі. Мысалы, «Мумбаи отелі: Тайталас» фильмінде осы жағдай кездесті. Көрермендерден түскен шағымдар негізінде аталған фильмнің прокатқа берілген куәлігін алып қою туралы шешім қабылдадық.

Кинопрокат құқығын иеленушілерге фильмдерді мемлекеттік тілге грамматикалық қатесіз, мағынасын түсінікті етіп, көрермендердің ренішін тудырмайтындай қылып аударуды өтінемін. Қатаң шара қолданғымыз келмегенмен, «Кинематография туралы» Заңның іске асуы біз үшін өте маңызды. Сіздер түсіністікпен қабылдайды деп сенемін», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы