383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бірінші арна» «Голос. Дети» байқауының арнайы шығарылымын көрсетеді

  • 203
  • UPD: 15:18, 24.05.2019
«Бірінші арна» «Голос. Дети» байқауының арнайы шығарылымын көрсетеді nation-news.ru

«Бірінші арна» 24 мамыр күні «Голос. Дети» вокалдық шоуының арнайы шығарылым көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік,16 мамыр күні Бірінші арна» Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауы ақтық финалының қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталған болатын.

«Бірінші арна» арнайы шығарылымда не көрсетілетіні және жаңа жеңімпаздың таңдалатыны жайында ештеңе айтқан жоқ. Ұйымдастырушылар байқауға 9 финалистің қатысатынын айтты. Эфирді 24 мамыр күні, яғни бүгін Мәскеу 21:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 25 мамыр сағат 00:30-да) тамашалауға болады.

Естеріңізге салайық, «Голос. Дети» жобасының финалы 26 сәуірде өткен болатын. Ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамоваға телекөрермендердің 56,5% дауыс берді.

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы