384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы екі ауылда мәдениет үйі ашылды

  • 135
  • UPD: 22:19, 24.05.2019

Атырау облысындағы Бөдене және Есбол ауылдарында екі мәдениет үйі ашылды. Бұл елдімекендерде 6 мыңнан астам тұрғын  бар.

Көп жылдан бері лайықты ғимарат болмай қиындық көрген жергілікті өнерпаздар мен ауыл тұрғындары дән риза.

Ел іші өнер кеніші деген халқымыз. Бұл мәтел әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Өйткені Ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен өнер адамдарының басым бөлігі сол ауылдан шығады. Өкінішке орай тәуелсіздікті қалыптастыру жылдары көп нәрсе жоғалттық. Соның бірі мәдениет үйлерінің кейбірінің тозығы жетті, ал қалған көпшілігі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Осыған байланысты облыста мәдениет ошақтарын қалпына келтіру бағдарламасы қабылданып, қазір нақты іске асырылып жатыр.     

Кенжеғұл Жолдасбай, мәдениет саласының ардагері:

- Мен осы ауылға 1982 жылдардан бері келіп қызмет етіп жатқан адаммын. 36 жыл болды «Мұрагер» атты балалар ансамблім бар. Кезінде оркестер болған қазір ансмабль, халықтық атағы бар 1997 жылдан. Осыған дейін әрине бұрынғы  үкіметтің кезінде клубымыз болған одан кейін үкімет ауысқаннан кейін клубымыз сатылып кетті бәрі содан бері клуб жоқ. Соның кесірінен өзіміздің барымызды көрсете алмай жүрген кездеріміз болды. Небір-небір қиын сәттер өтті. Соның бәрі бүгін артта қалды. 

Талап бойынша мердігер өзі салған мәдениет үйін қажетті құрал жабдықтармен де толық қамтуы тиіс. Бүгін көпшілік үшін есігі айқара ашылған мәдениет үйлері де талапқа сай жабдықталған. Тағы бір маңызды мәселе, ол осы екі нысанға 40 тан астам кәсіби маманның жұмысқа қабылдануы. Осылайша халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысы ғана емес мәдени-рухани өмірі де жаңғыра түспек.   

Тамара Жылқышиева,  мәдениет үйінің директоры:

- Алдағы уақытта бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Би үйірмесі, қобыз үйірмесі, домбыра үйірмесі сонымен қатар біздер алдағы уақытта әжелер ансамблін, аталар ансамблін құрмақпыз.

Осымен Индербор ауданындағы ірі елдімекендердегі мәдениет үйлеріне деген сұраныс толығымен қанағаттандырылды.  Қазір бүкіл облыс бойынша ондаған мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы бесжылдықта бұл жоспар да өз межесіне жетуі тиіс.      

Авторлары: Бекен Әлирахым, Қанат Елеуов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы