379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Голос. Дети» байқауы финалының арнайы шығарылымы

  • 125
  • UPD: 02:27, 25.05.2019
«Голос. Дети» байқауы финалының арнайы шығарылымы

«Бірінші арнада» «Голос. Дети» байқауы финалының арнайы шығарылымы өтті.

Байқау финалының арнайы шығарылымының толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар. 

«Голос. Дети» вокалдық шоуының алтыншы кезең финалистерінің барлығы жеңімпаз атанды. Бұл туралы арнайы шығарылым кезінде «Бірінші арнаның» бас директоры Константин Эрнст мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Голос. Дети» байқауының финалы 26 сәуір күні болып, жанжалмен аяқталған болатын. SMS-дауыс беру нәтижесінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңген болатын. Алайда көрермендер оның жеңісін «жалған» деп сенбеді.

16 мамыр күні Бірінші арна» Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауы ақтық финалының қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталған болатын.

Бұдан бұрын Ержан Максимді атақты композитор, продюсер Игорь Крутой өзінің өзінің музыкалық академиясына шақырған болатын. Ержан Максим тыңдармандарына қуана келіскенін айтып, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерін шыңдайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы