378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Микелла Абрамовамен бірге ән жазып жатыр

  • 236
  • UPD: 23:53, 26.05.2019

12 жастағы қазақ әншісі Ержан Максим «Голос. Дети» ән байқауынан кейін доданың қалай өткені және сайыстың қорытындысы туралы не дейді.

Арна тілшісімен кездескен Ержан алдағы жоспарлары жайында да ой өрбітті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Голос. Дети» байқауының қайта ұйымдастырылған ақтық сынында жас әншіміз Ержан Максим жеңімпаз атанды. Ол осы финалға барлық қатысушылармен бірге бас жүлдені иеленді. Жас талант телешоуға қатысты өз пікірін білдіріп, жобаға қатысушылардың арасында достық қарым-қатынас қалыптасқанын жеткізді.

Ержан Максим, «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы:

- Қатты уайымдағаным ол «Адажио» әні, өте қиын ән, мен оны жақсы айтып шықтым деп ойлаймын, адамдарға ұнады деп ойлаймын. Әрине, ризамын, өзімнің әнімді көрермендерге жеткізіп айтсам болды.

Гульмира Әлібек, Ержан Максимның анасы:

- Өте ризамыз, ешкімге ешқандай өкпеміз жоқ, барлығы де өте жоғары деңгейде өтті. Ержанды қолдаған қазақ халқына, Ресей халқына, басқа елдерге өте ризамыз, алғыс айтамыз. Игорь Крутойдың академиясына Ержан қабылданайын деп жатыр, ол кісінің телевиязиялық жобалары бар екен, Ержан сол жерде музыкалық білім алып, басқа да жобаларына қатысатын болады.

Қазір Ержанның жұмыс кестесі тығыз, демалуға уақыты жоқ. Аптасына 2 рет Мәскеуге ұшып барады. Осы жобаның тағы бір жеңімпазы Микелла Абрамовамен бірге ән жазып жатыр. Жас әнші сондай-ақ Ресейде және Нұр-Сұлтан қаласында концерт қоюға дайындалуда. Ол келесі айдың соңына жоспарланған.

Ержан Максим, «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы:

- Мен өскенде Димаш ағам сияқты болғым келеді. Қазақстанымды әлемге танытып, қызмет етіп, елімнің абыройын көтеріп жүрген азамат болғым келеді.

Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының арнайы шығарылымына бір күн қалғанда Қазақстанда «Жыл таңдауы» сыйлығын иеленді. Жас әнші оны балаларға арналаған республикалық «Жас Өркен» байқауына қатысып, ұтып алды.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы