378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында шебер 80-ге тарта гобелен тоқыған

  • 206
  • UPD: 23:52, 26.05.2019

Балқаш қаласынан шыққан суретші Өміркелді Әбеуов бұл ісіне жастарды да үйретіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

80-ге тарта гобелен тоқыған шебердің туындылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылған.

Шебер жылына 2-3 туынды жасайды. «Бірегей суретті кілемдерді тоқудың өз қиыншылықтары бар», – дейді. Ол гобелен тоқитын станокты да өз қолымен жасаған. «Бұрын шешей тірі кезінде жіпті қолдан иіріп беретін, қазір дүкеннің жібін сатып алып тоқимын», – дейді суретші.

Өміркелді Әбеуов, суретші:

- Кейде қиын орындалатын элементтер бар, оның біркелкі әдістері бар. Тіпті  қателік кеткен жағдайда тарқатып қайта тоқимын. Жылына екі-үш гобелен тоқуға болады.

Суретшінің туындыларында ұлттық ою-өрнектер көптеп кездеседі. Өзі ұнататын гобелен жылдың төрт мезгіліне арналған. Ал ең атақты суреттерінің бірі Махамбет Өтемісұлының 100 жылдық мерейтойына орай – «Ереуіл атқа ер салмай» атты туындысы. Қазір шебердің бірқатар жұмыстары облыстық көрмелерде жиі кездеседі.

Бибігүл Құдабаева, облыстық бейнелеу өнер мұражайының директоры:

- Әр гобелен ерекше тоқылған. Барлық туындыларында ұлттық дәстүрдің нақыштарын кездестіруге болады. Суреттері философиялық жағынан да назарға түседі. Әр шығармашылығында қазақ ұлты мен оның тарихын көрсетуге тырысады.

Суретші шебер жылына екі рет облыстық музейлерде көрмелерін өткізеді. Көктемдік көрмеге дайындаған Мәңгілік дала сазы атты туындысын астанаға жолдаған. Ал қазір күздік көрмеге қойылатын гобелендердің нобайын жасаумен айналысып жатыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы