389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасындағы «Топжарған» шоуының іріктеу кезеңі басталды

  • 539
  • UPD: 21:18, 28.05.2019

«Хабар» агенттігінің бірегей жобасы көрермендермен қайта қауышпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптің көңілінен шыққан «Топжарған» музыкалық жобасының екінші маусымы басталды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты жастардың бағын ашатын музыкалық шоуға іріктеу жүріп жатыр. Жас өнерпаздар арасындағы жекпе-жектің биылғы жаңалықтары да аз емес.

«Топжарғанның» тобын жаратын кезекті талантты іздеу басталды. Көрермен ықыласына бөленген музыкалық шоу кезекті рет талантты жастарды іздеуге кірісті. Елордадан басталған іріктеу бүгін Алматыға да жетті. Үміткерлер бар өнерін көрсету үшін кезекке тұрған. Нәтижесінде жобаға қатысуға сексенге жуық үміткер жолдама алады.

Айдос Әбу, жоба қатысушысы:

– Осы жобаның бірінші маусымын көрдім. Қатты ұнады. Сол себепті екінші маусымға қатысуға келіп отырмын.

«Топжарғанның» алғашқы маусымы көрермен көңілінен шықты. Ал екінші маусым бұрынғыдан да қызықтырақ болады, - дейді ұйымдастырушылар. 105 минутқа созылатын, 12 кезеңнен тұратын жобаға биыл өзгерістер де енгізілген. Екінші маусымда қатысушылар музыкалық аспаптарды қолданбақ.

Ерлан Бекчурин, музыкалық продюсер:

– Иә, әрине, музыкалық тосынсыйлар болады. Себебі биыл тек қана әншілер емес, инструменталистер де бар кастингке қатысып жатқан. Сол себепті, алдын ала айтып өтейін, жалпы менің ойым музыкалық аспаптармен біріктіріп, жақсы нөмірлер шығарамыз деп ойлаймын.

Айта кетейік, «Топжарған» музыкалық шоуына қатысушылар жеңімпаз тұғырынан көру үшін өзара сайысқа түседі. Әр кезеңде оза шапқан төрт қатысушы мәртебелі орынға жайғасады және өз биігінен төмендемеу үшін бар өнерін паш етпек. Ал соңғы кезеңге жеткен қатысушылардың өнерін көрермен дауыс беру арқылы бағалайды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы