389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық маман: Қазақстан мұражайларының Нью-Йорктегі музейлерден асып түсуіне барлық мүмкіндігі бар

  • 242
  • UPD: 10:16, 30.05.2019
Америкалық маман: Қазақстан мұражайларының Нью-Йорктегі музейлерден асып түсуіне барлық мүмкіндігі бар

Қазақстандық мұражайлардың Нью-Йорктегі музейлерден асып түсуіне барлық мүмкіндігі бар.

Мұндай пікірді Астанаға сапар шеккен америкалық «Bravo Media» компаниясының президенті Тим Донован білдірді. Ұлы даланың мәдени мұрасымен танысқан ол қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып қайтқан. Интерактивті технология саласының көшбасшысы америкалық көрермендерге Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі және жетістіктерін көрсетуді жоспарлап отыр. Сөйтіп Ұлы дала мемлекеті туралы көрген-білгенімен таныстырмақ ойда.

Тим Донован, «Bravo Media» компаниясының президенті:

– Сіздердің мұражайларыңызға адамдар дисплеймен цифрлық форматтағы жинақтамамен танысатындай интерактивті инсталляция орнатамыз. Бұл жастар үшін маңызды. Жалпы зерттеулер барысында Қазақстанда көптеген жаңалық ашылғанын білдік. Көшпенділер мәдениеті таң қалдырады. Солтүстік Америкадағы қазбалар біздің құрлыққа келген алғашқы адамдар Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың өкілдері болуы әбден мүмкін екенін байқатады.

Хабар 24 телеарнасы