379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында «Topjarǵan» халықаралық жобасының екінші маусымы күзде басталады

  • 137
  • UPD: 11:28, 30.05.2019
«Хабар» арнасында «Topjarǵan» халықаралық жобасының екінші маусымы күзде басталады

«Хабар» телеарнасында «Topjarǵan» мега жобасының екінші маусымы көрерменге жол тартады.

Байқаудың алғашқы маусымы қазақстандықтармен қатар АҚШ («The Four: Battle for Stardom»), Ресей («Успех») және өзге мемлекеттерде де жақсы қабылданған.

«Topjarǵan» - бұл жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы бірден анықталатын жалғыз музыкалық шоу, яғни, байқаудың финалистері алғашқы кезеңде белгілі болады. Алайда бұдан жобаның қызығы азаймайды, керісінше финалистер әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек.

Ереже бойынша шоуға келген жаңа қатысушылар 4 финалистің біреуін жекпе-жекке шақырып, музыка алаңында күреседі. Олардың қайсысы мықты екенін залдағы көрермендер дауыс беру арқылы шешеді.

Жаңа маусымның тағы бір ерекшелігі «Topjarǵan» шоуының географиялық ауқымы кеңейіп, Грузия, Украина, Қытай, Әзірбайжан және Қырғызстан Республикаларынан қатысушылар шақырылған.

Екінші маусымның тұсаукесері осы күзге жоспарланған.

Алғашқы маусымда финалға дейін Райымбек Сатыбалды, Досжан Үбиев, Ақмарал Мамай және Әмре жеткен еді. Төрттіктің ішінен қазылар алқасы мен көрерменді өзінің талантымен тәнті еткен Ақмарал Мамай жеңімпаз атанды. Жобаға Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, композитор және продюсер Ренат Гайсин және рэпер Baller төрелік еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы