389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында Абай мен Құнанбайға ескерткіш қойылды

  • 682
  • UPD: 21:36, 30.05.2019

Арқаның алтын тәжі атанған Қарқаралы қаласының қақ төріне Құнанбай қажы мен хакім Абайдың еңселі ескерткіші қойылды.

Аға сұлтанның 1851 жылы Қарқаралыға мешіт салғызғаны тарихтан белгілі. Таза мыстан құйылған мүсін сол Алла үйінің алдында бой көтерді. Құнанбай қажы мен бала Абайдың бейнесі қашалған ескерткіштің биіктігі тұғырымен қоса есептегенде 4 метрден асады. Туынды авторы Сәкен Дәулетбаевтың айтуынша, ескерткіште бала Абайдың медреседегі оқудан демалысқа келіп, әкесімен көрісу сәті бейнеленген.

Ернұр Әзімбаев, Құнанбай қажының ұрпағы:

- Құнанбайдың балалары, ұрпақтары халыққа жақын болғандығы ол Құнанбайдың кемеңгерлігі. Қойылып жатқан ескерткіш өте бір орынды, жастарға патриоттық сезім беретін шара. Соған біз мына Қарқаралы халқына рахмет айтамыз. Әдейі келіп отырмыз, бала-шаға, немере-шөберелерімізбен.

Хабар 24 телеарнасы