378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Nur-Sultan ethno fest» фестивалі басталады

  • 140
  • UPD: 22:19, 30.05.2019

Шара аясында садақ атудан алғаш рет әлем чемпионаты өткізіледі. Ұлттық спортымыз бен мәдениетімізді дәріптейтін шара биыл алғаш рет ұйымдастырылған.

Бүгін оның дайындығы пысықталып, бағдарламасы таныстырылды.

Елорда алдағы үш күн бойына ұлттық дәсүрімізді ұлықтамақ. Қаланың қақ ортасынан этноауыл бой көтерді. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылған. Этнофестивальда көпшілік ортағасырлық стиьдегі базарды аралап, айтыс тыңдайды. Садақ ату, найза лақтыру қамшы өру сынды түрлі мәдени шараларға қатыса алады.

Болат Мажағұлов, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы:

- Ұлттық кодты сақтауға арналған ең маыңызды шаралардың бірі. Бұл фестиваоь аясында Елорда тұрғындары мен қонақтарға ұлттық қолөнер бұйымдар сауда орны мен көремелері. балаларға арналған ұлттық спорт алаңдар және де осы фестивальдің негізгі іс-шара ол жамбы атудан әлем чемпионаты. Іс-шараның ізі ретінде Ұлттық спорт қауымдастығы қаламызға 5000 асық тарту етеді. Бұл асықтар алдағы уақытта қала мектептері мен аула клубтарына таратылады.

Этнофестте қуыршақ театры кішкентай қонақтарға үздік қойылымдарын тегін ұсынады. Сондай-ақ өскелең ұрпақ киіз үй құрып үйренеді. Асық ату, ләңгі тебу ойындары ұйымдастырылады. Фестиваль аясында өтетін негізгі шараның бірі садақ атудан алғашқы әлем чемпионаты. Оған 15 мемлекеттен 25 спортшы қатысады. Алдыңғы легі елге келіп, жаттығуын бастап кеткен.

Михай Кузьмин, садақшы (Румыния):

- Қазақстанда ұлттық спорттың бұл түрі жақсы дамып келеді. Алдыңғы жылдары ұйымдастырылған халықаралық турнирде менің бағым жанып, сұрмерген атанған едім. Биыл қарсыластарымның біраз шыңдалғанын байқап тұрмын. Бұл қуанарлық жағдай.  Қатысушы елдердің саны да жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл шет елдерде қазақ спортына деген қызығушылықтың жоғарылағанын аңғартады. Қатысушы көп болған сайын жарыс тартысты болады. Әрине жеңістен үміттімін.

Садақшылар Азия, Түрік және Қазақ стильдері бойынша мергендігін сынайды. Бәске тігілген жалпы жүлде қоры 4 миллион теңге. Айта кету керек, этноауыл ертең таңғы онда ашылып, 2 маусымға дейін жұмыс істейді. Мұнда кез-келген адам  қазақ ұлтының салт дәстүрімен кеңірек таныса алады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ермек Кеншінбек

Хабар 24 телеарнасы