378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Олжас Сүлейменов атындағы орталық ашылды

  • 155
  • UPD: 14:53, 31.05.2019

Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте Қазақстанның Еңбек ері, даңқты қаламгер Олжас Сүлейменов атындағы орталық ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты рәсімге ақынның өзі қатысып, жастарға батасын берді. Мұнда қоғам қайраткерінің шығармашылығымен танысып, әдеби отырыстар өткізуге болады. Ал танымал қаламгер жас ұрпаққа ағартушылық жолда талмай еңбектеніп, талаптануды тіледі.

Олжас Сүлейменов, Қазақстанның Еңбек ері:

- Университетке оқуға түскен жастар, қай мамандықты таңдаса да, ең алдымен адамшылық жолдан таймауы тиіс. Өзін тану арқылы өзгеге қызмет етеді. Жаңа орталық еліміздегі парасат-пайымы биік, отаншыл буынды тәрбиелеуге үлес қосады деген сенімім мол.

Хабар 24 телеарнасы