378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «АЛЖИР» спектаклі аншлагпен өтті

  • 199
  • UPD: 14:48, 31.05.2019

Грузияның мемлекеттік академиялық театры бұл қойылымды әлем сахналарында үш жыл бойы көрсетіп келгенімен, Қазақстанға алғаш рет әкеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Театр труппасы КАРЛАГ-тың 17-бөлімшесі болған АЛЖИР музейінде болып, репрессия жылдарының зобалаңын көзбен көрген соң, спектакль дүниеге келген. Пьеса саяси тұтқын Нина Лаперашвили-Орджоникидзенің АЛЖИР-дегі азапты күндері желісінде жазылған. Қойылымда тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қарапайым әйелдің аянышты тағдыры, қамауға алынғаннан босап шыққанға дейінгі өмірі суреттеледі. Театрдың 7 әртісі сол жылдардағы қасіретті шынайы жеткізе білді, иін тірескен залда көзіне жас алмаған көрермен жоқ.

Николай Свентицкий, Грибоедов атындағы Тбилиси мемлекеттік академиялық театрының директоры:

- АЛЖИР тұтқындарының өмірге деген құштарлығы оларды тар қапастан аман алып шықты. Әйелдер қанша азап көргенімен, рухы сынбады. Бұл спектакльде аналарымыздың қайсарлығын, қайратын көрсетуге тырыстық.

Хабар 24 телеарнасы