389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі өтеді

  • 397
  • UPD: 15:34, 31.05.2019

Маусымның 3-і мен 7-сі аралығында елордада «Астана кештері» атты сегізінші халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Мәдени шараға еліміз бен әлемнің бірегей әншілері қатысып, классика, халық өнері, эстрада бағытындағы үздік туындыларды орындамақ. 5 күнге ұласатын қайырымдылық концерттерін «Қазақстан» орталық залында, «Астана Операның» сахнасынан тамашалауға болады. Ерекшелігі – айтулы кештің куәсі болу ақысыз. 

Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Фестиваль аясында өтетін бес қайырымдылық концертке барлық билеттер тегін таратылады. Өйткені барлығы қолжетімді болуы керек. Билеттерді «Қазақстан» ОКЗ кассасынан аласыздар. Биылғы фестивальге Италия, Франция, Ресей мен АҚШ-тың белгілі музыканттары қатысады.

Хабар 24 телеарнасы