389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Ұлы Дала хикаялары» атты заманауи өнер көрмесі ашылды

  • 461
  • UPD: 22:24, 05.06.2019
Таразда «Ұлы Дала хикаялары» атты заманауи өнер көрмесі ашылды

Таразда алғаш рет «Ұлы Дала хикаялары» атты заманауи өнер көрмесі ашылды.

Мұнда әлемнің 20-дан астам елінде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болған үздік суретшілердің туындылары көрсетілген. Әр шығарма Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген қазақтың ұлттық болмысын, өнері мен мәдени құндылықтарын суреттейді. Экспозицияның ерекшелігі мүсін, кескіндеме, графика секілді дәстүрлі техникамен қатар жаңадан енген инсталляция, медиа-арт сияқты бағыттар қамтылған. Бұл өнер туындыларын қала тұрғындары 1 ай бойы облыстық драма театрға барып, тамашалай алады.

Әлібай Бапанов, суретші:

- Көптеген шетелге көрмелер жасап отырған суретшілердің жұмыстарын көруге болады. Гобилен, киіз, кескіндеме, кестелер араласқан сондай қойып отырмын. Целофандардан мына экология жағы мәселелерін көтеріп сондай жұмыстар бар. Солай бұл көшіп жүреді. Бір айдан кейін Қызылордаға барады.

Хабар 24 телеарнасы