382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А. Пушкиннің туғанына – 220 жыл

  • 163
  • UPD: 19:06, 06.06.2019
А. Пушкиннің туғанына – 220 жыл kp.ru

Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкинге – 220 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл айтулы күнді бүкіл әлем тойлап жатыр. Қара өлеңімен өшпес мұра қалдырған прозашы әрі драматургтың шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандар елордадағы Пушкин ескерткішінің маңына жиналып, жырдан сусындады. Оқушылар мен студенттер ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Галина Власова, М. Ломоносов атындағы ММУ филиалының филология кафедрасының меңгерушісі:

– Бүгінгі мерейтой еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейінгі адамдарды біріктіріп отыр. Бүгінде Пушкиннің өлеңдерін жасы да, кәрісі де жақсы біледі. Оның әр өлеңі тілге орамды, жаттап алуға жеңіл. Сондықтан ақынның поэзиясы әлі күнге дейін ауыздан ауызға тарап, халықтың сүйіспеншілігінен ажыраған емес.

Хабар 24 телеарнасы