384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әлемге әйгілі пианистер өнер көрсетеді 

  • 370
Елордада әлемге әйгілі пианистер өнер көрсетеді 

Елордада әлемге әйгілі төрт бірдей пианист бір сахнада өнер көрсетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы шара «Астана кештері» халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылады. Концертке Қазақстан және Италияның опера саңлақтары қатысады. Осыған дейін өнер майталмандары опералық, камералық және симфониялық бағыттағы туындыларды қалың көрерменге ұсынған еді. Айтулы кештердің барлығы тегін көрсетілген. Шымылдығын апта басында түрген «Астана кештері» фестивалі ертең тәмамдалады. Ұйымдастырушылар отандастарымызды ғаламат кештің куәсі болуға шақырып отыр.

Анна Серова, альтист:

– Қазақстан – мен үшін ерекше мемлекет. Көрікті мекенге келген сайын оның сымбатына тамсанамын. Мұндағы көрермендердің ыстық ықыласына үнемі бөленемін. Олар саф өнерді түсінеді. Сондықтан Қазақстанға қайта-қайта оралғым келіп тұрады.

Марко Скьяво, пианист:

– Кеше алғашқы дайындықты өткіздік. Бір концертте төрт бірдей пианист өнер көрсетеміз. Төртеуіміз бірнеше туындыны қатар орындаймыз. Мұндай концерт Қазақстанда әлі болған жоқ. Сондықтан мен мұны айтулы оқиға деп айтар едім.

Хабар 24 телеарнасы