389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Ақсу қаласында жазғы концерт алаңы ашылды

  • 307
  • UPD: 17:22, 08.06.2019
Павлодар облысының Ақсу қаласында жазғы концерт алаңы ашылды

Шағын қалалар ішінде көрікті мекеннің бірі саналатын Павлодардың Ақсу шаһарында жазғы концерт алаңы ашылды. 

Биыл, Ертіс өзенінің жағалауы абаттандырылған болатын. Енді міне ашық аспан астындағы сахна халық игілігіне беріліп отыр. Тұрғындар жас өнерпаздарды анықтайтын «Ақсу толқыны» фестивалін тамашалады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жоба  жас таланттардың шығармашылығына жол ашады. Ал ашық аспан астындағы концерт жаз бойына жалғаспақ. Болашақ эстрада жұлдыздарының өнерін  тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар қала қонақтары да жиналды. Солардың бірі Мәскеуден келген Марина Тарасова. Ақсуға қыдырып келген мейман тұрғындар үшін концерттің тегін көрсетілетінін естіп, таңданысын жасырмады.

Марина Тарасова, Мәскеу қаласының тұрғыны:

- Бізге қатты ұнады. Көңіл-күйіміз тамаша. Алған әсерімізді айтып жеткізу қиын. Біз бұл жаққа әлі талай келеміз. Жақсы концерт болып жатыр. Адамдары да бауырмал екен.

Жәмилә Есенбаева, С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы директорының м.а:

-«Ақсу толқыны» мына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізіліп жатыр. Бұл жобада Ақсу қаласының және ауылдық аймағының бүкіл көркем өнерпаздары өз өнерлерін көрсетеді. Жоба бойынша 1 қыркүйекке дейін жобаға 50-ге жуық шығармашылық ұжым қатысады.

Хабар 24 телеарнасы