389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ мемлекеттерінің басшылары гала-концертті тамашалады

  • 323
  • UPD: 23:56, 13.06.2019

Шанхай ынтымақтастық ұйымы ХІХ саммиті аясында Бішкекте гала-концерт те ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты кеш Сатылғанов атындағы қырғыз ұлттық филармониясында өтті. Концертті ұйымға мүше елдердің басшылары да тамашалады. Яғни мәртебелі меймандар арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Саммит қонақтарының назарына қырғыз халқының көне және заманауи өнер туындылары ұсынылды. Сондай-ақ өзге елдердің арнайы музыкалық қойылымдары көрсетілді. Мәселен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы «Гүлдерайым» әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Хабар 24 телеарнасы