389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Төле би» фильмі көрерменге жол тартты

  • 1373
  • UPD: 23:00, 14.06.2019

Қазақтың бір данагөйі Төле би туралы фильм көрерменге жол тартты. 10 сериялық туынды Түркістан облысының бір жылдығына арнайы түсірілген.

Бала биден Төле биге, Ұлы жүз ғана емес, күллі қазақ үшін Төбе биге айналған тұлғаның ғұмыр жолы сомдалған туынды «Сақ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильмнің» ортақ жобасы. Жергілікті әртістердің орындауындағы тарихи картинаның режиссері Батырхан Дәуренбеков. Оның айтуынша, Төле бидің қазақ тарихындағы орны ерек. Туындының толық нұсқасын көпшілік елорда күні қарсаңында «Хабар» арнасынан көре алады.

Мәлік Отарбаев, түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- 150 млн теңге жұмсалған болатын облыс тарапынан. Тек фильм емес, былтырғы жылдан бастап анимациялық фильмдер де түсірілген болатын. Сол қоржынға түскен үлкен олжа деп білеміз.

Сағаділдә Үсібәлі, актер:

- Мен өзім өте қатты бағалайтын, әрбір сөзін, әрбір ісін барымды салып зерттеп жүрген кейіпкер болатын Қазыбек би деген. Абылайды құтқарып алуы, жоңғардың ханының алдында тік тұрып, тайсалмай алып шығуы үлкен ерлік.

Хабар 24 телеарнасы