384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда татар халқының сабантой мерекесі өтті

  • 152
  • UPD: 09:10, 16.06.2019

Шарада ұлттық әндер шырқалып, би биленіп, спорттық бәсекелердің көрігі қызды.

Жыл сайын диқандар көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанда осылайша думандатады. Тұрғындар түрлі байқау мен халықтық ойындарға қатысып, татар-башқұрт тағамдарынан дәм татты. Тарихы мың жылдан асқан бұл мейрам Тобыл өңірінде жылда аталып өтеді. Қазір Қостанай облысында он алты мыңға жуық татар мекен етеді. Олардың арасында облыстың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге ат салысып жүргендер жетерлік. Бауырлас елмен арадағы байланыс та жаңа белеске көтеріліп келеді. 

Ринад Бектеміров, «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Сабантой салт-сананы, мәдениетті сақтауды көздейді. Қазақстан халқын бір орталыққа біріктіріп, тұрақты қоғам құруға бағытталған іс-шаралардың бірі деп білеміз. Елімізде татулық пен ынтымақтастықтың шынайы үлгісі қалыптасқан. Барлығын мерекемен құттықтаймын.

Залина Цечоева, қала тұрғыны:

- Мерекеде адамдар арасында мейірімділік пен қуаныш, өзара түсіністік пен бақыт сезіледі. Осы аумақты ең таза, жарқын сезімдер толтырып тұрғандай.

Хабар 24 телеарнасы